Доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
17:14 26.07.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,78 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,29 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,06 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 447 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442 теңгеден болса, сатып алу – 446
Алматыда Ресей рублі 4,87 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,83 – 5,03 теңгеден сатылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!