Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адам жауапқа тартылды
Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды.
Фото: polisia.kz
19:37 26.07.2023
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
25 шілдеде кезекші 102 пультіне 28 «а» шағынауданы 1-үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқандығы туралы қоңырау түскен.
«Учаскелік инспектор шақыруға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға тиіскені анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі және 449-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды», - делінген баспасөз мәліметінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!