{metadescription}
Балқашта бір жасар сәби терезеден құлады

Балқашта бір жасар сәби терезеден құлады

Қарағанды облысында бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады.

26 шілдеде Балқаштағы 6-шағын ауданда ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады. Сәби ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:

- Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;

- Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;

- Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;

- Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;

- Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;

- Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;

- Барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуін болдырмауға көмектеседі;

- Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;

- Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде