Елордада автобус айдап келе жатқан жүргізуші есінен танып, ауруханада көз жұмды
Елордадағы қалалық автобус жүргізушісінің жол бойында денсаулығы күрт нашарлап, кейіннен ол ауруханада көз жұмды.
Фото: Видеодан алынған кадр: instagram.com/astana_sergek
16:52 27.07.2023
City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, бұл жағдай бүгін сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы «Бейбітшілік» аялдамасы маңында болған.
«1961 жылғы жүргізуші өз бағдарымен келе жатқанда есінен танған. Соның салдарынан автобус қоршау мен жарықтандыру бағанына соғылып, одан кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығып кеткен. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша оның жүрегі тоқтап қалған», - делінген аталған компания таратқан ақпаратта.
Ол жолаушылар көлігінде жүргізуші ретінде 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен. Рейске шығар алдында таңертең сағат 5:54-те медициналық тексеруден өткен. Оқиға салдарынан басқа адамдар зардап шекпеген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!