{metadescription}
Әскерге шақырылғандардың суицидке бейімдігін енді арнайы кешеннің көмегімен анықтайды

Әскерге шақырылғандардың суицидке бейімдігін енді арнайы кешеннің көмегімен анықтайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев «Ақ-сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешенінің мүмкіндіктерін айтты.

«Қарулы Күштердегі суицидтік мінез-құлыққа және басқа да девиантты мінез-құлыққа бейім адамдарды уақтылы анықтауға арналған «Ақ-сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешендерін енгізіліп жатыр. Кешенде 60-тан астам психологиялық құралдар базасы бар және ол психологиялық зерттеу нәтижелерін автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Сырттан араласуға, яғни нәтижелерді бұрмалауға жол берілмейді, фото-видео жазба жасау, сондай-ақ адамның психофизиологиялық көрсеткіштерін өлшеу жүргізеді. Кейіннен осы кешендерді әскери оқу орындарына және келісімшарт бойынша әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу барысында қолдану жоспарлануда», - деп тоқталды Дархан Ахмедиев ОКҚ-да өткен брифнгіде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде