{metadescription}
Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 20 минуттің ішінде сөндірді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 16:16-лар шамасында өрт сөндіру бригадасы Түрксіб ауданы «Қайрат» ықшам ауданы, Түркістан көшесі 27, мекенжайына жоғары ранг бойынша шықты.

«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндірушілер құрылыс материалдарын сататын дүкен аумағының 150 шаршы метр жері ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қабылданған шаралармен 16:33-те өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп, 16:42-де жойылды», - деп хабарлады департаменттен.

Қазіргі уақытта, үйінділерді бөлшектеу, тұтанып тұрған құрылымдарға су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған шаралармен тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші сауда нүктелеріне оттың таралуына жол берілмеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде