{metadescription}
Зейнеткер лотореядан 22 миллион доллар ұтып алды

Зейнеткер лотореядан 22 миллион доллар ұтып алды

Канаданың Кингстон қаласында тұратын зейнеткер 30 жыл бойы лоторея ойнап, Lotto Max лотореясының 22 миллион доллар көлемінде джекпотын ұтып алды.

Миллионер атанған Лори Скоттың билеті 9 маусымда ойнатылған, ал оның аты тек өткен аптада жарияланды.
Лоторея ұйымдастырушыларының мәліметінше, зейнеттегі кітапханашы жақында ғана Lotto Max лотереясының автоматты таңдауына жазылып, соның арқасында ұтысқа ие болған.

«Менің билетім демалыста жүргенімде автоматты түрде сатып алынды», - дейді Скотт.

Ол джекпот ұтып алғаны туралы электронды хабарламаны саяхаттап жүрген кезінде алған, бірақ Онтариодан тыс жерде жүргендіктен ұтыс сомасын көру үшін жүйеге кіре алмаған.

Скотт үйіне оралған кезде ғана қанша ұтып алғанын түсінген.

«Мен бұған сене алмадым», - дейді әйел. – Мен таңғалып, қатты толқыдым. Демалыста жүргенімде қанша ұтқанымды білмегеніме қуандым – бар ойым сонда болар еді».

Скоттың айтуынша, ол ұтқан ақшасын үйінің жөндеу жұмысына жұмсайды және демалысқа барады, ал қалған бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде