{metadescription}
Сирияда жарылыстан 6 адам қаза тауып, тағы 46-сы зардап шекті

Сирияда жарылыстан 6 адам қаза тауып, тағы 46-сы зардап шекті

Бейсенбі күні Сирия астанасы Дамаск қаласының маңында жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға ас-Саид-Зейнаб маңындағы ас-Судан көшесінде болды. Онда мотоциклге орнатылған жарылғыш зат қашықтан іске қосылған. Сирияның Денсаулық сақтау министрі Хасан әл-Ғаббаштың айтуынша, зардап шеккен 20 адам жеңіл жарақат алды. Оларға оқиға орнында көмек көрсетілді, қалғандары ауруханаларға жеткізілді.

Жарылыстан кейін оқиға орнына 11 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Бұл соңғы 48 сағатта осы аймақта болған екінші жарылыс. 25 шілдеде миналанған мотоциклдің жарылуы салдарынан екі адам жарақат алды, деп мәлім етті Сирияның адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығынан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде