Ақкенттегі өрт кезінде терезеден секірген тұрғындар қателік жіберді — ТЖД
Алматы ТЖД бастығының міндетін орындаушы Ерлан Әлібеков тұрғындарға тыныштық сақтау қажеттігін айтты.
Фото: кадры из видео
13:48 02.08.2023
"Терезелерден секірген адамдар қателік жіберді. Сабырлы болу керек еді, өрт болған жерде қатты дүрбелең болды. Бірақ егер тұрғындар кем дегенде балкондарға шығып, есіктерін жауып тастаса, балконнан таза ауа ағыны өрт сөндірушілердің келуін күтуге жеткілікті болар еді", - деді ТЖД бастығының міндетін орындаушы Әлібеков.
Сондай-ақ, ТЖД бастығы зардап шеккендердің алдын алуға болатынын атап өтті. Қаза болған әйелді де құтқаруға мүмкіндік болған.
"Ол уақытта біздің құтқарушыларымыз жақындап қалған. Олар 20 секунд күте тұрғанда алып шығатын едік. Өрт сөндірушілер есікті бұзып кіргенде анасы болған. Оған құтқару қалпағын кигізіп, алып шықты. Сол кезде екі қыз секіріп кетті. Сәл күте тұрғанда оларды да құтқаратын еді", - деді Әлібеков арнайы брифингте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!