Алматыда өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына қажетті көмек көрсетіледі
Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт кезінде қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованың отбасына отбасына қажетті көмек көрсетіледі.
14:50 02.08.2023
Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді. Алматы облысының әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, марқұмның денесін тасымалдауға көмектесетін болады.
Алатау ауданының әкімдігі марқұмның отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!