{metadescription}
Дәрі-дәрмек дистрибьюторына үстеме баға өседі

Дәрі-дәрмек дистрибьюторына үстеме баға өседі

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелері аясында берілетін дәрі-дәрмекке бірыңғай дистрибьюторлар үшін үстеме бағаны көтеру жағы қаралып жатыр.

«Бүгін қарастырылып отырған үстеме баға жобасы өткен жылдың қорытындысы бойынша шығындарға негізделген. Шығындардың басым бөлігі логистикаға тиесілі. Бұл дегеніміз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау және тиеу-түсіру жұмыстары. Жоғарыда айтылған жайттар дистрибьютордың дәрі-дәрмектерді сатумен байланысты шығындарының 45%-ын құрайды. Үстеме бағаны арттырудың тағы бір факторы – экономикалық тиімділіктің көрсеткіші ретінде қызмет ететін бірыңғай тарату жүйесінің рентабельділігі», - деді СК Фармация ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова.

Оның айтуынша, үстеме баға жобасын ашық талқылау бірыңғай дистрибьютор қызметі үшін маңызды.

«Дәрі-дәрмекпен уақтылы мен үздіксіз қамтамасыз ету негізгі стратегиялық міндет. Бізде пандемия (COVID-19) кезінде тәжірибе бар. Яғни кейбір дәрі-дәрмекке сұраныс артып уақытша проблема туғызады. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар аудандардың аудан, елдімекендердің алыстығына қарамастан жыл бойы жеткізіледі», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін Астанада кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелерінің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағаны көтеру жобасын талқылау бойынша ашық тыңдау өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде