{metadescription}
Аптап ыстықта көлікте қалып қойған нәресте мерт болды

Аптап ыстықта көлікте қалып қойған нәресте мерт болды

Нью-Йорктің Смиттаун қаласында әжесі көліктің салонында ұмытып кеткен 14 айлық сәби қайтыс болды. Полиция кішкентай қыздың күннің ыстығынан қызып кеткен көлікте сегіз сағат бойы болғанын айтты.

«54 жастағы әжесі дүйсенбі күні сәбиді балабақшаға апаруды ұмытып, жұмысына кеткен. Бала құлыпталған көліктің автокреслосында қалған», - делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Сегіз сағат өткеннен кейін әжесі балабақшаға барғанда, бүлдіршінді көлікте ұмытып кеткенін ұғады.

Ауруханада дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады.

Аты-жөні аталмаған әжеге қыздың өліміне қатысты айып тағылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды New York Post.

АҚШ Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, АҚШ-та жыл сайын орта есеппен 40 бала аптап ыстықта көлікте қалып көз жұмады.

Дүйсенбіде Смиттаундағы ауа температурасы 28 градус Цельсий болғанымен, көлік ішіндегі температура Цельсий бойынша 50 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде