{metadescription}
Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Орал қаласында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 тамыз күні таңмен болды.

Сағат 07.40-та облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы операторына Сырым Датұлы көшесі бойында «Ел ырысы» аялдамасына жетпей 6-бағытта жүретін автобус жеңіл көлікпен түйіскені туралы хабар түскен.

«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 1964 және 1970 жылғы екі әйел облыстық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Олар травматолог дәрігердің қабылдауында болып, қажетті медициналық тексеруден өтіп, көмек көрсетілді. Екеуіне де амбулаториялық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.