{metadescription}
Көкшетаудың орталық көшесінде көлік жанып кетті

Көкшетаудың орталық көшесінде көлік жанып кетті

Көкшетаудың орталық көшесінде жеңіл көлік түгі қалмай өртеніп кетті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео кадрларынан жеңіл көліктің қызыл жалынға оранғанын, оны өрт сөндірушілер өшіруге тырысып жатқанын көруге болады.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 2 тамыз күні, сағат 16:58 шамасында Абай көшесінің бойында болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 1 өрт сөндіру техникасы тартылды. Жалын сағат 17:04 ауыздықталып, 17:08 толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.