{metadescription}
ШҚО тұрғынынан 20 келі марихуана тәркіленді

ШҚО тұрғынынан 20 келі марихуана тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан 20 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Өскемен-Риддер» тасжолында «Лада приора» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 37 жастағы ер адам отырды.

«Жедел тінту барысында көліктің жүк салғышынан ақ түсті полиэтилен пакет табылды. Оның ішіндегі өткір иісті өсімдік тектес зат салынған 20 полиэтилен бума тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1943,75 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жүргізушіге тиесілі гаражды тінту кезінде өсімдік тектес заттың қалдықтары бар пластик ыдыстар, полимерлі және полиэтиленді қапшықтар, 20 келіден астам марихуана салынған 2 фляг табылды.

«Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде