{metadescription}
Қайық апатқа ұшырап, 20 адам мерт болды

Қайық апатқа ұшырап, 20 адам мерт болды

Уганданың орталық бөлігіндегі Виктория көлінде қайық апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті полиция мәлімдеді.

«Болжам бойынша, аударылған қайықтың ішінде 34 адам болған. Оқиға 05.00-де болды, қазіргі уақытта 20 адамның мерт болғаны белгілі», - деп хабарлады Синьхуа тілшісіне астаналық Кампала полициясының ресми өкілі Патрик Оньянго.

Ол сәрсенбі күні таңертең көмір, азық-түлік пен балық салынған қайық Калангала округіндегі аралдардан Вакисо құрлықтық округіне аттанғанын айтты.

«Оқиғаға тым көп тиелген жүк пен қолайсыз ауа райы себеп болды. Теңіз полициясының құтқару отрядтары, Уганда Халықтық қорғаныс күштері балық аулау күзетінің бөлімшесі мен жергілікті тұрғындар жоғалған адамдарды іздеп жатыр», - деп атап өтті полицей.

Калангала парламентінің мүшесі Хелен Накимули Синьхуа тілшісіне телефон арқылы:

«Біз үнемі адамдарға ауа райы жайсыз кезде түнде сапарға шықпау керегін айтамыз. Бірақ, олар керісінше қайықты жүк пен жолаушыға толтырып алады», - деді.

«Үкімет Виктория өзенінде көбірек құтқару орталықтарын ұймыдастыруы керек. Осындай оқиғалар болған кезде теңіз полициясы адамдарды құтқаруға дайын болар еді», - деп толықтырды ол.

Өткен айда Виктория өзенінде екі қайық апатқа ұшырап, алты адам қаза тапқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.