{metadescription}
Нөсер жауын мен селден 33 адам қаза тапты

Нөсер жауын мен селден 33 адам қаза тапты

Бейжіңде нөсер жауын, яғни табиғат апатынан 33 адам қаза тапты. Тағы бес адам құтқару операциясы кезінде қайтыс болды.

Бейжіңнің вице-мэрі Ся Линьмао баспасөз конференциясында мәлім еткендей, 18 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, оның ішінде құтқарушы да бар.

Адамдардың мерт болуына көбіне су тасқыны мен үйлердің құлауы себеп болған.

Еске салсақ, 29 шілдеден 2 тамызға дейінгі аралықта Қытай астанасына «Доксури» тайфуны төніп, нөсер жауын жауған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде