{metadescription}
Доллар бағамы көтеріле бастады

Доллар бағамы көтеріле бастады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтері.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге көтеріліп, 446,32 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы бойынша доллар 445,88 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,65 теңге, сату – 448,89 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 449,81 теңгеден сатылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде