{metadescription}
Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда соны серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде