{metadescription}
Астанада паркингте көлік өртеніп, 150 тұрғын эвакуацияланды

Астанада паркингте көлік өртеніп, 150 тұрғын эвакуацияланды

Астанада тұрғын үй кешенінің паркингінде көлік өртеніп, 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

9 тамыз күні сағат 13.54-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесіндегі паркингте автокөліктің жанып жатқандығы туралы шақыртуға шыққан.

Құтқарушылар 6 минутта жеткен. Анықталғандай, көпқабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover маркалы автокөлік жанып, қатты түтін пайда болған.

«Жалынды сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды, оның ішінде 1 бала, 150 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 14.40-та өрт жойылды. Өрт сөндіруге, құтқаруға және салдарын жоюға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 57 адамы мен 14 техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы және 103 қызметінен 3 адам мен техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта арнайы машинаның көмегімен желдетілмейтін паркингтен түтін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде