{metadescription}
Қор нарығында теңге нығайды

Қор нарығында теңге нығайды

Алматы мен Астананың ақша айырбастау пунктерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,57-4,77 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал, Астанада 4,56 -4,66 теңге аралығында құбылып тұр.

Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,57 - 4,62 аралығында.

9 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,58 теңге болған.

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 рубль - 4,59 теңге.

Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы әлі күнге дейін тұрақсыз болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде