{metadescription}
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 33 жағдайы тіркелді

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 33 жағдайы тіркелді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова Конго-Қырым геморрагиялық безгегін таралуы жағдайына қатысты түсінік берді айтты.

«Конго-Қырым геморрагиялық қызба бойынша қолайсыз елді мекеннің айналасында санитариялық-қорғау аймақтары және буферлік аймақтар құрылды. Мал қоралары кенеге қарсы өңдеумен қамтылды, 248 елді мекеннің айналасында санитариялық-қорғау аймақтары және 1030 елді мекенде буферлік аймақтар құрылды. 7 млн астам мал басы және мал қоралары кенеге қарсы өңдеумен қамтылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық жағдай былтырғы деңгейде», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы сәуір айынан бастап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 33 жағдайы тіркелді. Соның арасында 13 оқиға Түркістан облысында, 11 жағдай Қызылорда облысында, 7 жағдай Жамбыл облысында, бір дерек Ақтөбе облысында және тағы біреуі Шымкент қаласында тіркелді.

«Бұл деректердің 53 пайызында (16 жағдай) адамдарды кене шаққан, 30 пайызында (10 жағдай) малды күтіп бағу кезінде ауруға шалдыққан, сондай-ақ 3 пайызында (1 жағдай) науқас эндемиялық аймақтарда табиғатта болды. Бұл індеттен 5 науқас қайтыс болды (Қызылорда облысы – 3, Жамбыл және Түркістан облыстарда 1 жағдайдан), 3 науқас ем алып жатыр, қалған науқастар емделіп шықты. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық кезеңі салқын түскенге дейін жалғасады», - деді вице-министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде