{metadescription}
Шілдеде елімізде бірнеше жылдан бері болмаған аптап ыстық тіркелді

Шілдеде елімізде бірнеше жылдан бері болмаған аптап ыстық тіркелді

Шілдеде Қазақстанның барлық аумағында бірнеше жылдан бері тіркелмеген аптап ыстық болды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.

Температура батыс өңірлерде айдың басында, солтүстікте екінші жартысында, шығыс пен оңтүстік-шығыста айдың ортасында ең жоғары көрсеткішке дейін көтерілді.

8 шілдеде Атырау метеорталығында ең жоғары температура +42,0°С болды, мұндай көрсеткіш кейінгі рет 2011 жылы тіркелген. Ол кезде +41,9°С болған.

10 шілде Оралда күннің ыстығы 2015 жылдан бері қайталанбаған 42,0°С-қа жетті.

11 шілде Ақтөбеде ауа температурасы +42,3°С болып, 2008 жылғы рекордтан асып түсті. Ол кезде 41,0°С ыстық болған.

Қостанайда 10-12 шілде күндері рекорд көрсеткіштер тіркелді. 11 шілдеде ауа температурасы +40,5°С-қа жетіп, 2020 жылғы рекордтан (+37,0°С) асып түсті.

Петропавлда 10-13 шілде аралығында, яғни төрт күн қатарынан аптап ыстық болғанымен, 12 шілде күні термометр бағаны рекордтық +40,0°С-қа жетті. Мұндай температура метеобақылау тарихында бұрын-соңды болмаған. Кейінгі рет максималды жоғарғы температура 1993 жылы тіркелді (+30,6°).

Павлодарда күн 38,5°С-қа дейін ысып, 1981 жылғы рекордты жаңартты. Сол жылы дәл осы күні ауа температурасы 35,0°С дейін көтерілген.

Көкшетауда 12 шілдеде метеобақылау тарихында бұрын-соңды болмаған +39,2°С тіркелді, кейінгі рет ең жоғары температура 2013 жылы 30,5°С болған.

Жезқазғанда үш күн қатарынан күн ысып, оның шарықтау шегі 13 шілдеде тіркелді. Термометр бағаны +44,0°С-қа жетті. 2015 жылы бұл өңірдегі ең жоғарғы температура +39,5°С болған.

Таразда 13 шілдеде максимал ауа температурасы 42,1°С-қа көтеріліп, рекорд орнатылған. Ең кейінгі ыстық 2016 жылдың дәл осы күні тіркелген (+38,1°С).

Өскеменде 14 шілдеде ауа температурасы 39,9°С көтеріліп, 2013 жылғы рекордтан асып түсті. Ол кезде дәл осы күні +34,2°С болған.

Риддерде ол күні термометр бағаны +36,5°С-қа жетіп, 2015 жылғы рекордты жаңартты.

Астана қаласында 11-13 шілдеде екі күн қатарынан жоғары температура тіркелді, ең жоғары көрсеткіш 12 шілдеде (+38,1°С) болды. Дәл осы күнгі мұндай аптап ыстық кейінгі рет 2013 жылы тіркелген. Ол кезде термометр бағаны 32,7°C-қа көтерілген болатын.

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын нормадан аз түсті. Дегенмен, батыс өңірлерде фронталды бөліктер күшейіп, нөсер жаңбыр жауды.

16 шілдеде Оралда бір тәулік ішінде екі айлық нормадан көп, яғни 104 мм жаңбыр жауды. Норма – 43 мм болатын. Каменкада бір айдағы норма 26 мм болса, бір тәулік ішінде 133 мм жауын-шашын түсті.

Сонымен қатар, ай бойы Қазақстанның көп бөлігінде 5 балдық өрт тұтану қаупі сақталды. Достық автоматты метеостанциясында (Жетісу облысы) айдың екінші бөлігінде және ай соңында желдің күші секундына 31-38 метрге жетті.

Теміртауда 21 шілдеде жел 32 м/с екпінмен соқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде