Семей қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, депутаттар, жастар бүгін ұлы жазушы, ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Фото: gov.kz
14:48 10.08.2023
Салтанатты шараға қатысқан Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бұл шара ұлы тұлғаға тағзым ету ғана емес, ел тарихында баға жетпес мұра қалдырып, өшпес із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға да құрмет көрсетіліп отырғанын атап өтті.
«Заманалар ауысып, дүние дидары, күнде өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген, құрмет сезімі, еш кемімейді! Үкіметтің қаулысымен белгіленген осы күн де – соның айғағы. Ақынның мол мұрасы – баға жетпес, рухани асыл қазынамыз болып қала береді. Қалың елін, қайран жұртын «жеті қараңғы түнде» адастырмай, «бес дұшпаннан» бой суытып, «бес асыл іске» асықтырған Ұлы Абай туған халқымен мәңгі жасайды! Себебі, осынау алмағайып заманда, сүйенеріміз де, табынарымыз да – Абай!» - деді облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Мерекеге орай, 8 тамыздан бастап Абай облысының барлық қала мен аудандарында 50-ден астам мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Естеріңізге салсақ, 2020 жылы 10 тамыз Қазақстанда «Абай күні» болып белгіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!