Айжан Есмағамбетова сібір жарасы ауруын жұқтыру мәселесіне қатысты түсінік берді
Биыл Жамбыл облысында тұрғындар арасында күйдіргі ауруының 12 жағдайы тіркелді.
15:13 10.08.2023
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
«2023 жылдың өткен кезеңінде Жамбыл облысында тұрғындар арасында күйдіргі ауруының 12 жағдайы тіркелді. Барлық жағдайда індетті жұқтыруға ауру малдарды сою және бөлшектеу, сондай-ақ осы етті тасымалдау әрі сақтау себеп болған», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда вице-министр аурудан сақтанудың негізгі талаптарына тоқталды.
«Рұқсат етілмеген сауда орындарында ет сатып алмау керек. Сонымен қатар, етті дұрыс пісіру маңызды. Егер ауру малдың жанында болғаннан кейін шамамен 8 күн ішінде дене қызуының жоғарылауы, терінің қызаруы, жаралар пайда болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Жалпы, малға профилактикалық вакцинация жасау керек», - деді Айжан Есмағамбетова.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!