{metadescription}
Cодырлар 17 адамды атып өлтірді
Нигерияның Плато штатында қарулы шабуыл салдарынан 17 адам қаза болды.
08:29 11.08.2023
Анадолы агенттігінің жазуынша, таңсәріде Баркин Лади ауданына келген содырлар қарудан оқ жаудыра бастаған. Бұл туралы арнайы шұғыл әскери топтың өкілі капитан Ола Джеймс мәлім еткен.
Айтуынша, шабуыл салдарынан 17 адам мерт болып, ондағаны жарақат алды.
Өңірге қосымша әскери күштер жетті.
О.Джеймс жағдай бақылауға алынғанын жеткізді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!