{metadescription}
Табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің де жалақысы өседі

Табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің де жалақысы өседі

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 581 Қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес үстемеақылар мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің штаттық қызметкерлеріне, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыру жөніндегі өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына көзделген.

«Қаулының жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлеріне жоғарыда аталған үстемеақыларды белгілеу жөніндегі норма, қаулының ережелері штаттан тыс қызметкерлерге қолданылмайтындығына, олар азаматтық қызметшілер болып табылмайтындығына байланысты қолдау көрсетілмеді.

Осы мәселені шешу мақсатында министрлік орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілерімен кәсіптік одақтарының өкілдерімен бірлесіп, бюджет қаражатын үнемдеу және тауарларды өткізу есебінен штатқа кіретін әкімшілік қызметшілер мен табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс жұмыскерлері үшін жалақыны ұлғайту мүмкіндігін көздейтін Салалық келісім (Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген) жасасты ( 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70% - ға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85% - ға және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100%-ға)», - деп жазды Экология және табиғи ресурстар министрлігінен.

Қазіргі уақытта штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерді және табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерін үстемеақымен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен пысықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде