{metadescription}
Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

«Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол әлдебір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері»Арлан«жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына (»Бопсалау«) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.