Шымкентте өрт сөндіруші қауіпті аймақтан газ баллонын алып шықты
Шымкентте өрт сөндіруші өрт аумағынан 50 л газ баллонын алып шықты.
Фото: gov.kz
14:48 17.08.2023
«Шымкент қаласы ТЖД «101» басқару пультіне 2023 жылғы 16 тамызда сағат 14.11-де Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Садовая көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 120 ш. м. тұрғын үйдің шатыры толығымен жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екенін анықтады», - деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен.
Тез арада өртті сөндіру, газ баллонды суыту жұмыстары жүргізіліп, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Нұрсұлтан Амангелдіұлы Абдукадиров өрттен 50 л газ баллонды қауіпсіз аймаққа алып шықты.
Өрт 14.36-да оқшауланып, 14.54-те сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, апаттар медициналық орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!