Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
16:35 17.08.2023
KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,90 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 463, 19 теңге.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 454,30 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,70 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 461,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 465 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу құны– 466 теңге.
Ресей рублі 4,88 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бұған дейін қаржыгер Расул Рысмамбетов Ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы туралы пікір білдірген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!