Әсет Қанағатов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Қанағатов Әсет Серікұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Фото: gov.kz
16:54 17.08.2023
Қанағатов Әсет Серікұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын қаржы жәненесие, құқық бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысындағы «Автотехқызметкөрсету» ЖШС-ның экономист-бухгалтері болып бастады.
Әр жылдары «Талдықорған электр желісін тарату компаниясы» ААҚ экономист-бухгалтері, Алматы облысының қаржы басқармасының жетекші маманы, Көксу ауданының қаржы бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, Текелі қалалық экономика және қаржы бөлімінің, қаржы бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болды.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнес саласында еңбек етті.
2023 жылдың мамыр айынан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!