{metadescription}
«Астана-Петропавл» тасжолында жеңіл көлік бұланды соғып кетті

«Астана-Петропавл» тасжолында жеңіл көлік бұланды соғып кетті

«Астана-Петропавл» тасжолында жеңіл көлік бұланмен соқтығысып, екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Астана-Петропавл» тасжолының 282 шақырымында түнде болған.

«Сағат 23:30 шамасында Щучье бағытында жүріп келе жатқан Audi-80 көлігі «Астана-Петропавл» автожолының 282-ші шақырымында жолдың үстіне шығып кеткен бұланды қағып кетті. Салдарынан көлік жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне жолға шыққанда абай болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде