{metadescription}
Шахтадағы өрт: бес кенші әлі табылған жоқ

Шахтадағы өрт: бес кенші әлі табылған жоқ

«Қазақстан» шахтасында жер астынан хабарсыз кеткен кеншілер әлі табылған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бұл бағыттағы жұмыстарға қою түтін кедергі келтіруде. Бұл туралы Арселор Миттал Теміртау тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай мәлім етті.

«Сағат 16:40 жағдай бойынша 5 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарымен диспозиция бойынша шахтада орналасқан 12 бөлімшенің 5-уі айналысады. Жұмысшыларды іздеуге тау-кен орнындағы қалың түтін кедергі келтіріп отыр. Қосымша ақпарат тағы береміз», - деді Сергей Огай видео түсініктемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 182 адам жоғарыға көтеріліп, эвакуацияланғанын хабарлаған едік.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде