{metadescription}
Өскеменде жол жиегінде тоқтап тұрған көлік жанып кетті

Өскеменде жол жиегінде тоқтап тұрған көлік жанып кетті

Өскемен қаласында жол жиегінде тоқтап тұрған Lada Priora көлігі жанып кетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 тамызда түнгі сағат 01.15 шамасында Шәкәрім даңғылында болған.

«Жол жиегінде уақытша тоқтап тұрған Lada Priora автокөлігі отқа оранған. Тілсіз жау багажды, салонды, доңғалақтардың артқы шиналарының, аспаптар панелін және қозғалтқыш бөлігінің жартылай жанатын бөлшектерін шарпыды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары автокөлік иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Көлік салонында міндетті түрде өрт сөндіргіш болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде