{metadescription}
Алматы-Қонаев тасжолында полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды

Алматы-Қонаев тасжолында полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды

Алматы-Қонаев тасжолында патруль көлігі жол апатына түскен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрларда патрульдік көлік оң жақ қатарға ауысып, жол жиегіне тоқтаған. Осы уақытта артқы жағынан көлік соғылады. Жол-көлік оқиғасы жеңіл көліктің камерасына түсіп қалған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты туралы мәлімет берді.

"Аталған жол апаты биыл 26 шілдеде Алматы-Өскемен автожолында сағат 14:00 шамасында болған. Мәліметтер бойынша, "Субару" автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, "Хундай" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлікке механикалық зақым келген. Жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Дерек бойынша кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

"Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деді полиция өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.