{metadescription}
Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, бұл ұсыныс жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар тарапынан қолдау тапқан.

«Бұрыннан мемлекеттік мереке күндері автобустарда тегін жүру акциялары іске асырылып келеді. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Білім күнің байланысты маңыздылығын ескеріп, Атырау қаласындағы ата-аналар мен оқушыларға, мұғалімдер мен шаһар қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік.

Осы орайда жолаушыларды автобуста тегін тасымалдау туралы «Ақжайық», «Атырау», «Алғабус» автопарктерінің басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысыма бірауыздан қолдау білдірді. Білім күні – 1 қыркүйекте шаһар тұрғындары мен қонақтары Атырау қаласыда, оған таяу орналасқан елді мекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустар тегін қызмет көрсетеді», -деп хабарлады қала әкімі Шәкір Кейкін.

Мұнайлы шаһар мен оған таяу маңдағы елді мекендерге жолаушы тасымалдау үшін күн сайын 240 автобус жолға шығады. Қоғамдық көліктер кестеге сәйкес таңертеңнен кешке дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Жас айырмашылығына шектеу қойылмайды. Қала әкімі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар басшыларының ортақ ұйғарымымен бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан жолаушылардың бәрі пайдалана алады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде