Шымкентте қолын қосылып тұрған ет тартқышқа тығып алған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті
Шымкентте үш жасар баланың қолы электр ет тартқышқа кептеліп қалды. Бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Фото: pixabay
11:24 31.08.2023
Ата-анасының айтуынша, электр ет тартқышпен жұмыс істеген кезде бала қасында болған. Дәрігерлер баланың қолын ет тартқыштан шығарып ала алмаған, құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп жазады zakon.kz.
"Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған", - деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті.
Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде жатыр.
"Құрметті ата-аналар! Балаларға мұқият әрі сақ болыңыз! Балаларды бір секундқа да назардан тыс қалдырмаңыз", - деп өтініш білдірді құтқарушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!