{metadescription}
Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытты

Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытты

Алматыда беймәлім ер адам автобус жолаушыларына пышақпен қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Видеодағы ер адамның кім екенін анықтадық. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұр. Оның әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.