Ғалымжан Елеуов Мәжілістегі өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Фото: parlam.kz
14:05 01.09.2023
«Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Ғ Елеуовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!