{metadescription}
Облыстық маңызы бар қалалардың әкімін халық өзі сайлайды

Облыстық маңызы бар қалалардың әкімін халық өзі сайлайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау туралы айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға тікелей қатысуын дәйекті түрде кеңейту маңызды.

"Екі жылдан астам уақыттан бері азаматтар ауыл, ауылдық округ әкімдерін өз бетінше сайлайды. Осы уақыт ішінде ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді алдымызда аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды сынақтан өткізу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде