{metadescription}
Оқушыларда суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыратын бағдарлама әзірленеді

Оқушыларда суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыратын бағдарлама әзірленеді

Елімізде мектеп оқушыларының бойында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арнаулы оқу бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Суды үнемдеу сабақтарда, қосымша және мектептен тыс іс-шараларда қарастырылған. Дегенмен, осы жолғы Жолдауды ескере отырып, бұл бағытта мектептердегі тәрбие жұмыстарын күшейту қажет сияқты. Оқушыларымыздың арасында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруды күшейтетін жеке бағдарлама қабылданады», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев оқушыларды қаржы сауаттылығына тәрбиелеу мәселесіне де тоқталды.

«Қаржы сауаттылығы – бұл тақырып 2019 жылдан мектептерге енгізілді. Дегенмен, өзге де тәжірибелерді ескере отырып, мектептерде бұл бағыттағы жұмыстарды жаңаша күшейткіміз келеді», - деді ведомство басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.