{metadescription}
1 қыркүйектегі саудада доллар үш теңгеге арзандады

1 қыркүйектегі саудада доллар үш теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3 теңгеге төмендеп, 456,39 теңге болғанын мәлімдеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,76 теңге (-0,43) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 499,82 теңге, рубльді 4,77 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,5-461 теңге, еуро 495,5-499,5 теңге, ресей рублі 4,71-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 1 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,16%-ға өсіп, барреліне 86,97 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,22%-ға өсіп, барреліне 83,81 доллар болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде