Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.
09:51 06.09.2023
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459,97 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,71 теңге.
5 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге қымбаттап, 460 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458 - 462 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 460 - 463,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,67 - 4,87 аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!