{metadescription}
Бразилияның оңтүстігіндегі дауыл 21 адамның өмірін қиды

Бразилияның оңтүстігіндегі дауыл 21 адамның өмірін қиды

Бразилияның оңтүстігінде дауыл соғып, салдарынан бірнеше қалада су тасқыны болды, 21 адам қаза тапты. Бұл туралы кеше билік өкілдері мәлім етті.

Риу-Гранди-ду-Сул штатының губернаторы Эдуардо Лейте бұрын-соңды штатта дауыл салдарынан осынша құрбан болмағанын айтты. Сондай-ақ ол тропикадан тыс циклонға ұласқан дауылдан шамамен 60 қала зардап шеккенін атап өтті.

50 мыңға жуық тұрғыны бар Мукум қаласындағы үйлердің бірінде 15 адам қайтыс болған. Такуари өзені арнасынан асып, қаланың 85%-ін басып қалған.

Ресми тұлғалардың сөзінше, 1650 адам баспанасыз қалды, 3700-ден астам тұрғын циклон салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 24 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 300 миллиметрден астам (12 дюмға жуық) жаңбыр жауып, су тасқыны мен көшкін тудырған, деп хабарлады France 24.

Билік өкілдері қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Риу-Гранди-ду-Сул штатына биыл маусымда төнген тропикадан тыс циклон салдарынан 16 адам қаза тапқан болатын. 40 қала қирады. Оның көбі штат астанасы Порту Алегриге жақын маңда орналасқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде