{metadescription}
Алдағы үш күн жаңбырлы болады, кей аймақтарда қар жауады

Алдағы үш күн жаңбырлы болады, кей аймақтарда қар жауады

Қазгидромет синоптиктері 14-16 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Үш күнде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады.

Бүкіл кезең бойы - шығыста, 14-15 қыркүйекте - солтүстікте, 15-16 қыркүйекте - батыста, 16 қыркүйекте - еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Үш күн бойы республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 градус жылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.