{metadescription}
Семейде көшеде қолына пышақ ұстаған әйел тұрғындарды қорқытты

Семейде көшеде қолына пышақ ұстаған әйел тұрғындарды қорқытты

Семей қаласында көшеде қолына пышақ ұстаған әйел адам тұрғындарды қорқытты.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Перинаталдық орталық маңында қолына пышаққа ұқсайтын зат ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан.

«Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік учаскені аралау кезінде сол әйелді байқады. Азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзған 34 жастағы қала тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Сарапшының қорытындысы әйелден тәркіленген заттың суық қару екендігін растады», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде