{metadescription}
Түркістан облысында ескі қалашықтың орны табылды

Түркістан облысында ескі қалашықтың орны табылды

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды.

Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр.

«1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдер туралы білуге мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ сол маңнан Күлтөбе қалашығының орнын таптық», – дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың жетекші ғылыми қызметкері, phd докторы Музаффар Гурсой.

Археологтар көне қалашық табылған ең биік нүктені үлкен құрылыс нысаны болған деп болжап отыр. Себебі қазба барысында кесектен салынған қабырғалар анықталған. Ал осы жерден шыққан қыш ыдыстардың VIII-IX ғасырларға тиесілі екенін айтады.

Археологиялық қазба жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады. Қалашық және қорым маңынан табылған жәдігерлер арнайы мамандардың зертханалық сараптамасынан өткен соң музей қорына тапсырылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде