{metadescription}
Семей орманындағы өрттен көз жұмған 14 орманшыға ескерткіш тақта орнатылады

Семей орманындағы өрттен көз жұмған 14 орманшыға ескерткіш тақта орнатылады

Биыл Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмған орманшыларға ескерткіш тақта орнатылмақ.

«Семей орманы» резерватының Бородулиха ауданындағы Жаңашүлбі филиалынан шыққан өрт 14 орманшының өмірін жалмаған болатын.

Тілсіз жаумен күрескен батырлардың құрметіне ескерткіш тақта қойылады. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.

«Бородулиха ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол орман өртінен қаза болған орманшылардың құрметіне қойылатын ескерткіш тақтаның іргетасын қою рәсімін өткізіп, марқұмдардың туыстарымен кездесті. Тақта Успенка ауылында орнатылады», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басқармасына барып, барлық он филиалдың кәсіподақ мүшелерімен кездескен.

Резерват директоры Қайрат Хасенов өрттен кейін төрт ай өтсе де, әлі күнге дейін уәде етілген бір де бір өрт сөндіру көлігі алынбағанын айтты.

Еске салайық, биыл 8 маусым күні Абай облысының Семей орманы резерватында ірі өрт тұтанды. Салдарынан 14 орманшы қаза болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде