{metadescription}
Петропавлда көлік қаққан кейуана оқиға орнында көз жұмды

Петропавлда көлік қаққан кейуана оқиға орнында көз жұмды

Петропавлда жол-көлік оқиғасы барысында 86 жастағы әйел мерт болды. Ол көшені жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болған.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жүргінші автокөліктің алдынан атып шығып, жүргізушісі көлікті тежеп үлгермеген.

Бұл оқиға жайында Солтүстік Қазақстан облыстық полициясы баспасөз қызметі түсінік берді.

14 қыркүйек күні сағат 14:48 шамасында Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны Интернациональная көшесінде Mitsubishi Montero Sport автокөлігін басқарып келе жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 86 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қажетті сараптамалар тағайындау және түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр. Анықтау жұмыстары жүргізіледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде