Алматы әкімдігі заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады
Алматыда пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды.
Фото: pixabay
08:36 15.09.2023
Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін дайындады:
1. «Бағанашыл» ТК - Бостандық ауданы, Мамыр ауылы, 138/2, 138/3
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Сараптамалық қорытынды - жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама - жоқ.
Мақсаты: бау-бақша өсіру үшін.
Бастапқы құжаттардың күшін жоюға талап арыз берілді.
2. «Priority» клуб үйі - Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 194
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Сараптамалық қорытынды - жоқ;
Жоба эскизі - жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама - жоқ.
Мақсаты: тұрғын үйді пайдалану және күтіп ұстау үшін.
Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды.
Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап қою басталады.
3. «Sofia Village» таунхаусы- Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Чапаев ШҚҚ, 1115/1.
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
СЖТ - жоқ;
Жоба эскизі - жоқ;
Мақсаты: жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін;
ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
4. «Питтсбург» ТК- Алатау ауданы, Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24
СЖТ - жоқ;
Жоба эскизі - жоқ;
Сараптама - жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама - жоқ.
Мақсаты: өнеркәсіптік және өндірістік ғимарат үшін.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталған жоқ.
5. «Sky Park» ТК - Медеу ауданы, Тайманов көшесі, 151
Тапсырыс беруші: Атриум Плюс ЖШС
СЖТ - жоқ;
ЭЖ - жоқ;
Сараптама - жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама - жоқ.
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім бар.
Нысаналы мақсаты: әкімшілік ғимаратты, қойма үй-жайларын, асхананы, гараждарды және ағаш шеберханасы, дәнекерлеу цехтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының басталған жоқ.
Еске салайық, салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының Whatsapp желісіндегі +7 705 89 66 000 білуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!